"General Motors өз автомобильдерінің ұсақ торапты түрлерін құрастыруға ниет білдірді. Менің ойымша, бұл жақсы, қалыпты жағдай, даму, инвестиция", – деді Скляр.
Айтуынша, Allur қазақстандық автомобиль компаниясы General Motors International компаниясының біздегі серіктесі болады.
Онда автомобильдер ішкі нарық үшін де, экспорт үшін де шығарылмақ.
Сонымен бірге Allur компаниясы өзбекстандық “Узавтосаноат” компаниясымен де серіктесіп, алдағы 10 жылда автомобиль өндірісін дамытатын болады.
Айта кетейік, Allur Қазақстанның ең ірі автоөндірушісі "СарыарқаАвтоПром" ЖШС акционері, JAC, Ankai, Yutong, Chevrolet брендтерінің ресми дистрибьюторы, өндірушісі және дилері, республика аумағындағы Niva Chevrolet, UAZ, man өндірушісі болып табылады. Жеңіл, коммерциялық автомобильдер мен автобустар шығарады.