Америкалық индекстер көтеріліп жатыр

929

Сарапшылардың ойынша, индекстердің өсуіне Федералды қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэлдің мәлімдемесі әсер еткен.

Америкалық индекстер көтеріліп жатыр

Нью-Йорк қор биржасындағы негізгі индекстері сауда сессиясы аяқталғаннан кейін 0,8%–1,4%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Nyse.com сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сүйенсек, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 424,51 тармаққа (1,35%) өсіп, 31 961,86 болды. S&P 500 индексі 44,06 тармаққа (1,14%) артып, 3 925,43-ке жетті. Nasdaq индексі 105,36 пунктке өсіп (0,80%), 13 300,07 пунктке дейін көтерілді.

Сарапшылардың ойынша, индекстердің мұндай көрсеткіштерге ие болуына  Федералды қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэлдің мәлімдемесі әсер еткен. Бұған дейін ол бағаның өсуі тұрақты инфляцияның басталуын білдірмейді, қаржы реттеушісінің "мәселені шешуге арналған құралы бар" деген еді. Сонымен қатар Johnson & Johnson компаниясы шығарған бір компонентті вакцинаның сынақтан сәтті өткізілуі де нарыққа оң ықпалын тигізіп отыр. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу