Америкалық индекстер өсе бастады

925

Сарапшылардың ойынша, GameStop акциялары бағасының қатты құбылмауы оң динамикаға себеп болып отыр.

Америкалық индекстер өсе бастады Фото: rbc.ru

Нью-Йорк қор биржасындағы негізгі индекстер өсті. Ресми мәлімет бойынша, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 229,29 пунктке немесе 0,76%-ға өсіп, 30 211,91 пункт болды. S&P 500 индексі 1,61%-ға артып, 3 773,86 пунктке дейін жетті. Nasdaq индексі 2,55%-ға көтерілды, оның қазіргі деңгейі 13 403,40 пункт шамасында.
Сарапшылардың ойынша, GameStop акциялары бағасының қатты құбылмауы оң динамикаға себеп болып отыр. Өткен аптада құнды қағаздар шамамен 400%-ға қымбаттаған еді. Инвесторлар АҚШ президенті Джо Байденнің пандемия және оның экономикалық салдарымен күресуге бағытталған шаралары нарыққа оң әсерін тигізеді деген пікірде. 

"Демалыс басталғанда инвесторлардың пікірі өте консервативті болды, бірақ коронавирус пандемиясы туралы жаңалықтар мен экономиканы ынталандырудың жалғасуы нарыққа серпін берді", – дейді Baird компаниясының инвестициялық сарапшысы Патрик Спенсер. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу