Осы аптада АҚШ-тың Dow Jones, S&P және NASDAQ қор индекстері төмен көрсеткіштерге ие болды. Коронавирус індетінің екінші толқыны басталады деген күдік нарықтағыларды алаңдатып отыр. Оның үстіне елдің қаржы реттеушісі экономика қиын жағдайды әлі де бастан кешіреді деп топшылауда.
Ресми дерек бойынша, Dow Jones Industrial Average 6,9%-ға кеміді. Осылайша көрсеткіш 1861,82 пунктін жоғалтып, 25128,17 болды. S&P500 индексі 188,04 пунктке азайып, 3002,10 деңгейінде қалды. NASDAQ 5,27%-ға яғни 527,62 пунктке қысқарып, 9492,73 болды.
Бұл негізгі үш индекстің 16 наурыздан бергі ең төмен деңгейге дейін құлдырауы. Ол уақытта да пандемияның экономикаға қалай әсер ететіні туралы болжамдар көрсеткіштердің күрт төмендеуіне әкеліп соққан еді.
Табиғат Нұрболат