Америкалық ірі компаниялар 90,7 миллиард доллар жоғалтты

1021

 Америкалық ірі компаниялар 90,7 миллиард доллар жоғалтты

Facebook, Amazon, Alphabet (Google) және Netflix сынды ірі технологиялық компанияларға түсетін капитал $90,7 млрд-ға қысқарды, деп хабарлайды LS.

CNBC басылымындағы ақпарат бойынша, бұл 5 ақпандағы сауда-саттықтың аяқталуынан кейін байқалған АҚШ нарығындағы жалпы құлдырау аясында орын алған.

"Негізгі сауда сессиясы аяқталғаннан кейін Facebook, Amazon, Alphabet және Netflix акциялары 2,8-ден 5,1%-ға дейін төмендеді. Капиталдануда ең көп - $39,5 млрд жоғалтқан  Alphabet  холдингі болды", - деп жазады басылым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу