Америкалық көкпаршы тайқазанға серкеден бұрын өзі түсіп кетті (видео)

899

Көрермендер күлкісін тыя алмады.

Америкалық көкпаршы тайқазанға серкеден бұрын өзі түсіп кетті (видео)

Қазақстандық көкпаршылар дүниежүзілік көшпенділер ойындарында АҚШ құрамасын ойсырата жеңді. Ойын кезінде түрлі қызықты жағдай орын алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қос құрама арасындағы  ойын 20:9 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Америкалықтар үшін серкені қолға түсіру оңай болмады.

Көрермендер америкалық ойыншыларға қолдау білдіргенімен, ұпай жинауға тырысқан америкалықтар тайқазанның ішіне құлап жатқанда, күлкісін тыя алмады.

Ковбойлар үшін Орталық Азия халықтарының ұлттық ойыны таңсық дүние емес.

Олар бұл ойын түрінде алғаш рет 2 жыл бұрын Қырғызстанда өткен Көшпенділер ойындарында бақ сынап көрген еді. Былтырғы жылы атлеттер Қазақстанға әлем біріншілігіне келгенімен, ат үстіндегі тәжірибелі жігіттерден айласын асыра алмады.

Көшпенділер ойындарында көкпар ойыны үшін тігілген сыйлық қоры шамамен 90 мың долларды (33 миллион теңгеден аса) құрайды.

Айта кетсек, көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Қырғызстанда 2 қыркүйекте басталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу