Америкалық компания Альцгеймер ауруына қарсы дәрі ойлап тапты

522

"Дона-не-маб" деп аталатын препарат науқаста дерттің өсуін 35%-ке төмендетеді. 

Америкалық компания Альцгеймер ауруына қарсы дәрі ойлап тапты Фото: ForumDaily

Америкалық "Элай Лилли" компаниясы Альцгеймер ауруының дамуын баяулататын дәрі ойлап тапты, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап. 

Мұны осы дәрінің соңғы үшінші сынағы көрсетіп отыр. 1,5 жылға созылған зерттеуге 1 мың 700 адам қатысқан. Оның барысында дәріні қабылдаған 47% адамда дерттің қабынуы тоқтаған. Бірақ кей науқастарда мидың ісінуі сияқты кері жанама әсерлер де тіркелген. Дегенмен Бірлестік АҚШ-тың дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасына препаратты қолдануға рұқсат беруге өтініш жолдамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу