Америкалық компания елімізде ет өңдейтін зауыт ашпақ

782

Шетелдік инвестор жобаға 190 млрд теңге қаржы салады.  

Америкалық компания елімізде ет өңдейтін зауыт ашпақ

Алматы облысында "Тайсон фудс" компаниясы жалпы көлемі 190 млрд теңге инвестиция салып, ірі қара етін өңдейтін зауыт ашуды жоспарлауда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Америкалық инвестор қолға алған кәсіпорынның жалпы қуаттылығы жылына 500 мың бас ірі қара етін өңдеуге негізделген. Нәтижесінде жоба аясында төрт мың жаңа жұмыс орны құрылады.  

Бұған қоса Алматы облысында германиялық инвестордың қатысуымен 
ұсақ мал етін өңдейтін жоба жүзеге асырылмақ. Оның қуаты жылына 30 мың тонна дайын өнім шығаруға жетеді. 

"Өңірде сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 26 мың басқа арналған 82 тауарлы-сүт фермасы құрылған. Алайда ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі небәрі 4%-ға өсіп, 66%-ды құраса, сүт зауыттарының жүктемесі – 73,4%. Сондықтан біз 2025 жылға дейін ет өндірісін 500 мың тоннаға, сүт өндірісін 900 мың тоннаға дейін жеткізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 25 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", – деп жазылған хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу