Америкалық компания вакцина ектірмегендерге айыппұл сала бастады

617

Жұмысшыларды міндеттемей, осылайша ынталандырмақ.

Америкалық компания вакцина ектірмегендерге айыппұл сала бастады

Delta Air Lines әуе компаниясы вакцинацияланбаған қызметкерлерден ай сайын 200 доллардай алып отырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. Бұл – індетті тежеу үшін осындай қадамға барып отырған алғашқы ірі компания.
Компанияның атқарушы директоры Эд Бастьянның айтуынша, айыппұлдардың енгізілуіне "дельта" штамының тез таралуы себеп болған. Әзірге қызметкерлердің 75%-ы ғана екпе салдырған.

Айыппұл 1 қарашаға дейін вакцинацияланбаған қызметкерлерге салынады. Ал қыркүйек айының ортасына дейін препарат қабылдамағандар апта сайын міндетті түрде COVID-19 тестілеуінен өтуге тиіс.

Сонымен қатар компания вакцинацияланбаған жұмысшыларды 25 тамыздан бастап барлық бөлмелерде бетперде киюге міндеттеді. 30 қыркүйектен бастап тағы бір ереже күшіне енеді. Яғни вакцина салдыра тұра ауруға шалдыққандардың жалақысы сақталады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу