Америкалық қор нарығы рекордтық көрсеткішке ие болды

905

Мұнай бағасы төмендегеннен кейін, энергетикалық компаниялардың құнды қағаздары арзандады.

Америкалық қор нарығы рекордтық көрсеткішке ие болды Фото: reuters.com

Америкалық Standard & Poor's 500 (S&P) қор индексі 4549,78 тармаққа дейін өсіп, (+0,3%) тарихи максимум жаңарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz MarketWatch мәліметіне сілтеме жасап. 

Алдыңғы рекорд 2 қыркүйекте тіркелді (4536,95 тармақ).

S&P 500 қосалқы индекстерінің ішінде әсіресе тұтынушылық тауарлар сататын компаниялар мен технологиялық компаниялардың акциялары қымбаттады. Мұнай бағасы төмендегеннен кейін, энергетикалық компаниялардың құнды қағаздары арзандады.

Dow Jones индексі 0,02%-ға төмендеп, 35,603,08-ге жетті. Бұған тоқсандық есеп шыққаннан кейін IBM акцияларының шамамен 10%ға арзандауы, яғни 128,33 долларға дейін құлдырауы себеп болды. Компанияның үшінші тоқсандағы кірісі 17,62 долларға дейін өсті. Сарапшылар 17,77 млрд доллар болады деп топшылаған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу