Америкалық миллиардер Уоррен Баффетт соңғы хатын жазды

168

Ол Berkshire Hathaway компаниясының акционерлеріне бас директор лауазымынан кететінін хабарлады.  

Америкалық миллиардер Уоррен Баффетт соңғы хатын жазды Фото: Bloomberg

Уоррен Баффетт 149 миллиард долларды құрайтын байлығын өзінің балалары басқаратын қайырымдылық қорларына таратып беруге шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мен енді "Berkshire Hathaway"-дің жылдық есебін жазбаймын және акционерлердің жылдық жиналысында үнемі сөз сөйлей бермеймін… Британдықтар айтқандай, мен "тыным табамын", – деп жазылған компания жариялаған хатта.

Баффетт 1800 A класты Berkshire Hathaway акцияларын 2,7 миллион B класты акцияға ауыстырғанын және оларды дүйсенбі күні 4 отбасы қорына (Susan Thompson Buffett Foundation, Sherwood Foundation, Howard G. Buffett Foundation және NoVo Foundation)‎ табыс еткенін хабарлады. Жалпы қайырымдылық көлемі 1,3 миллиард доллардан асты.

Миллиардер қайырымдылық аударымдарын жылдамдату оның Berkshire Hathaway болашағы жөніндегі көзқарасын қайта қарауымен байланысты емес екенін атап өтті. Бұл шешім оның мұрагерлерінің жасымен және қаражатты олар үлгеріп, басқара алуы үшін қабылданған. Басқару билігі 63 жастағы Грег Абельге өткенше, 95-ке келген Баффетт өз міндетін атқара тұрады.

Баффетт сондай-ақ компанияның тұрақтылығын атап өтті.

"Шамамен 60 жыл ішінде Berkshire Hathaway пайдасыз тоқыма фабрикасынан сақтандыру, көлік, энергетика және тұтыну активтерін қамтитын триллион долларлық конгломератқа айналды", – дейді ол.

Қыркүйек айының соңында компанияның қолда бар ақшасы рекордтық 381,6 миллиард долларды құрады. Үшінші тоқсандағы пайда 34%-ға өсті, ал акциялар жыл басынан бері шамамен 10%-ға көтерілді.

"Мен жалпы алғанда өзімді жақсы сезінемін. Дегенмен баяу қозғаламын және оқу қиындау, бірақ аптасына 5 күн офиске барып, тамаша адамдармен жұмыс істеймін", – деп жазды Баффетт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу