Америкалық мұнай қоры апта ішінде 1,1%-ға азайды

922

Бұл шикізат нарығындағы бағаларға оң әсерін тигізбек.

Америкалық мұнай қоры апта ішінде 1,1%-ға азайды

АҚШ-тың коммерциялық мұнай қоры бір апта ішінде 4,9 млн баррельге азайып, қазіргі көлемі 447,1 млн баррель болды. Бұл туралы елдің энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат  басқармасы (EIA) хабарлады. 

Бұған дейін Reuters агенттігі 1,7 млн баррельге қысқарады деп жариялаған еді. 
Мұнай өндірісі өткен аптадағы деңгейде қалды, яғни қазір күніне 12,9 млн баррель шикізат өндіріледі. 

Оклахома штатындағы Кушинг терминалындағы "қара алтын" қоры 0,3 млн баррельге қысқарып, 43,8 млн баррель болды. 

Ал бензин қоры, керісінше, 3,4 млн баррельге көбейіп, 229,4 млн баррельге жетті. Дистиллят қоры да 3,1 млн баррельге өсіп, 119,5 млн баррель болды. 

Стратегиялық мұнай қоры болса, өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда, 1 млн баррельге төмендеп, 635,2 млн баррельді құрады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу