Америкалық отбасының Қазақстаннан асырап алған баласы қайтыс болды

1250

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Бір жас екі ай толғанда америкалық отбасы – Уэйн және Кэтлин Тэкабери асырап алған.

Америкалық отбасының Қазақстаннан асырап алған баласы қайтыс болды

АҚШ-тың Массачусетс штаты Уэст-Тисбери қаласында 17 жастағы Дэвин Айсулу Такэбери көз жұмды. Бұл туралы The Martha’s Vineyard Times-ке сілтемемен ҚазАқпарат.

Бозбала 1 қыркүйекте өмірден өткен. Алайда оның жеке тұлғасы енді ғана анықталыпты. Өлімнің себебі туралы ақпарат жоқ.

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Бір жас екі ай толғанда америкалық отбасы – Уэйн және Кэтлин Тэкабери асырап алған.

Ол орта мектептің 12-сыныбында оқып жүрген. Қазақстан тумасы Солтүстік Америкадағы қазақ диаспорасымен байланыста болған.

Дэвин гимнастикаға және би өнеріне, сондай-ақ сурет салу мен фото түсіруге әуес болған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу