Америкалық сарбаздар өз-өзіне жаппай қол жұмсап жатыр

740

Америкалық сарбаздар өз-өзіне жаппай қол жұмсап жатыр

Таяу Шығысқа соғысқа аттанған америкалық сарбаздар арасында лаңкестер мен содырлардың қолынан ажал құшқандардан гөрі өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқандар көп болып шыққан. Бұл жайлы islam-today.ru ақпарат көзі хабар таратты.

Соғысқа жіберілген америкалық сарбаздардың шамамен 30 пайызы 2014 жылы басталған "Мызғымайтын шешім" әскери операциясы барысында суицид жасаған. Ал осы аралықта содырлармен соғыста 31 жауынгер ғана мерт болған.

Оның өзінде тек 8-і ғана лаңкестер қолынан қаза тапса, 11 адам аурудан көз жұмған. Тағы 11 адам өз-өзіне қол жұмсап өлген. Айта кетейік, АҚШ билігі "Мызғымайтын шешім" әскери операциясына 3 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу