Америкалық сенат Гонконгке қатысты заң жобасын мақұлдады

804

Құжат бірауыздан қабылданып отыр.  

Америкалық сенат Гонконгке қатысты заң жобасын мақұлдады

"Гонконгтегі демократия мен адам құқығы" туралы заң жобасын АҚШ Конгресінің Сенаты қабылдап, қауымдар Палатасына жіберілді. Егер де Конгрестің қос палатасы бұл заң жобасы туралы ортақ келісімге келсе, құжат президент Дональд Трамптың қол қоюына жолданады. 
Сонымен қатар Сенат тағы бір заң жобасын қабылдады. Ол бойынша, Гонконг полицейлеріне көзді жасаурататын газ, резеңке оқ пен электрлі есеңгіреткішті қолдануға тыйым салынған. 

Кейбір америкалық басылымның хабарлауынша, Дональд Трамп бұл құжатқа қол қоймауы мүмкін. Өйткені егер америкалық президент оны күшіне енгізсе, Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы өршіп, қос тараптың келісімге келуі ұзаққа созылып кетуі мүмкін.
Сондай-ақ заң жобасында адам құқығын бұзған жергілікті лауазымды тұлғаларға санкция жарияланатыны туралы айтылған. 

Айта кетейік, арнайы әкімшілік аудандағы жаппай ереуілдер маусым айында басталды. Халықтың бас көтеруіне экстрадиция туралы заңға енгізілмек болған өзгерістер түрткі болды. Үкімет бұл заңды мақұлдамаса да, толқулар басылар емес. Осы күнге дейін 4 мыңға жауық адамды тұтқындалып, 1,5 мың адам ауруханаға жеткізілген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу