Америкалық сенаторлар делегациясы Бейжіңге келді

460

Екі партияның өкілдерінен құралған АҚШ сенаторларының делегациясы Бейжіңге келді. Бұл туралы ҚХР Орталық теледидары хабарлады.  

Америкалық сенаторлар делегациясы Бейжіңге келді Фото: Tatan Syuflana

Ресми ақпаратқа сәйкес, дүйсенбіде ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Бейжіңде делегация басшысы Чак Шумерді қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Кездесу туралы ақпарат толыққанды берілмейді. Алайда, Бейжіңнен кейін Шумер Сиань қаласына (Шэньсидің солтүстік-батыс провинциясы) баруды жоспарлап отырғаны белгілі.

Сондай-ақ, делегация Шанхайға барып, ҚКП қалалық комитетінің хатшысы Чен Цзининмен кездесу өткізді.

Бұрын айтылғандай, америкалық сенаторлар өздерінің іс-сапары барысында Қытайдан басқа Оңтүстік Корея мен Жапонияға баруға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу