Америкалық штаттар шектеу шараларын қысқартудан бас тартты

870

АҚШ науқастар саны бойынша көш бастап тұр. 

Америкалық штаттар шектеу шараларын қысқартудан бас тартты

АҚШ-тың 14 штаты коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты шектеу шараларын қысқартпайтын болды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Билік АҚШ-тың тәуелсіздігі күні қарсаңында халықтың жаппай қыдыруына тосқауыл қойып, індеттің таралуын сәл де болса тежемек. Техас пен Калинофорнияның бірқатар өңірінде барлар жұмысын тоқтатты. Майами, Форт-Лодердейл, Палм-Бичте алдағы демалыс күндері жағажайға баруға рұқсат берілмейді. Флорида барларында алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынбақ. 

Еске сала кетсек, 27 маусымда Құрама Штаттарда бір күнде вирус жұқтырудың 40 870 жағдайы тіркелді.Кей штаттарда шектеу шараларының күші жойылғаннан кейін, науқастардың саны күрт өсіп кетті.

Соңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 10,3 миллионнан асқан, оның 504,2 қаза тапты. 5,2 миллионы аурудан жазылған. АҚШ, Бразилия,Үндістан, Ресей елдері вирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр.

Табиғат Нұрболат
Фото: wlrn.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу