Ірі америкалық университеттер студенттерден жатақханаға жатар алдында вакцина егулерін талап етеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Fox News арнасына сілтеме жасап.
Мұндай талап күзде Йель, Колумбия, Корнелл және Браун университеттерінде енгізіледі. Діни немесе медициналық себептер бойынша вакцина ектіре алмайтындар міндеттелмейді.
Бұған дейін АҚШ-та жасы 16-дан асқан тұрғындарға препараттың қолжетімді екендігі жарияланған еді. 18 сәуірде АҚШ президенті Джозеф Байден халықты мүмкіндігінше тезірек екпе салдыруға үндеді.
АҚШ коронавирус жұқтырғандар мен індеттен қаза тапқандар саны бойынша көш бастап тұр. Бұл елде пандемия басталғалы 31,8 миллионнан астам науқас тіркелді. Оның 560 мыңнан астамы көз жұмды.
Табиғат Нұрболат
Фото: bbc.com