Онда америкалық тревел-блогер Коннор ведомствоның жұмысына ерекше қызығушылық танытқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, 23 әмбебап құтқару бөлімінің қызметімен де танысты.
– Блогерге іздестіру-құтқару операциялары кезінде қолданылатын заманауи техника мен жабдықтар көрсетілді.
Инновациялық үлгілер, соның ішінде Tesla Cybertruck және арнайы реанимобиль ерекше қызығушылық тудырды, – делінген ведомство ақпаратында.
Мамандардың сөзінше, мұндай кездесулер Қазақстанға деген халықаралық қызығушылықты арттырып, Алматыдағы туристер қауіпсіздігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Әрі ел туризмінің дамуына ықпал етеді. Себебі, Коннор секілді саяхатшы-блогердің аудиториясы өте белсенді саналады.
Алдағы уақытта Коннор Қазақстанның тағы да бірнеше көрікті жерін аралайды деп күтілуде.