Америкалық валютаның әлсіреуі қор нарығына да жағымды әсер етті

1203

Азиялық индекстер де 0,4 пайызға көтерілді.

Америкалық валютаның әлсіреуі қор нарығына да жағымды әсер етті

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі экономиканы ынталандыру үшін 2 трлн 3 млрд доллар бөлуге рұқсат берген соң, доллар индексі түсіп кетті. Осы жолы көрсеткіш аптадағы ең шекті деңгейге дейін құлдыраған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Тиісінше, еуро 0,6 пайызға өсім көрсетті. Юань бағамы да шамалы нығайды.

Америкалық валютаның әлсіреуі соңғы кезде тұрақсыз болып кеткен қор нарығына да жағымды әсер етті. Азиялық индекстер де 0,4 пайызға көтерілді.

Нарық сарапшылары АҚШ экономикасы екінші тоқсаннан кейін оңала бастайтынын айтады. Індеттің таралуына қатысты жағымсыз болжамға күмәнмен қараған олар, бірер аптада вирус жұқтырғандар саны азаяды деп инвесторлардың күпті көңілін көтеруге тырысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу