Америкалықтар ақшаларын ірі банктерге аударып жатыр

496

АҚШ үкіметінің біраз банктердің құлдырауын болдырмау үшін қолға алынған төтенше шараларына қарамастан аударымдар легі тоқтар емес. 

Америкалықтар ақшаларын ірі банктерге аударып жатыр Фото: Myfin.by

Silicon Valley Bank құлағаннан кейін клиенттер жаппай өз шоттарын кішігірім несие берушілерден JPMorgan Chase & Co пен Citigroup Inc сияқты ірі американдық банктерге аударуға өтініш берген, деп жазады inbusiness.kz Financial Times газетіне сілтеме жасап.

Сұранысы артқан банктер, соның ішінде Bank of America Corp, әдеттегі тіркеу процесін жеделдету үшін қосымша қадамдар жасау арқылы аударым жөнінде өтініштерді қанағаттандыруға тырысып бағуда.

Тіпті АҚШ үкіметінің біраз банктердің құлдырауын болдырмау үшін қолға алынған төтенше шаралары салымшылардың шоттарын ірі банктерге аудару немесе ақша нарығының қорларына ауыстыру толқынынына кедергі бола алмады, деп хабарлайды FT.

Депозиттерді сақтандыру жөніндегі федералды корпорация (FDIC) жұма күні 250 000 долларға дейінгі депозиттерді қорғауға кірісті, бұл сомадан асып түсетін SVB шоттарының 85%-ына қауіп төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу