Жарытлай орта салмта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Данияор Елеусінов (4-0, 2 КО) төртініші жеңісінен кейін өз дивизионында 39 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Елеусінов Бокстондағы бокс жекпе-жегінде жұдырықтасты. Бұл кештің басты оқиғасы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (17-0, 16 КО) орта салмақта WBO белбеуі үшін күш сынасқан.
Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Мэтт Догерти (8-6-1, 4 КО) болды. Жекпе-жек алты раундқа есептелген еді, алайда, алғашқысында аяқталды.
Техникалық нокаутпен жеңген Елеусінов BoxRec рейтингінде 224-орынға көтерілді.
27 жастағы Елеусінов осымен АҚШ-та екінші рет жұдырықтасып отыр, тағы екі жекпе-жегі Ұлыбританияда өткен. Ал 30 жастағы Догерти алтыншы рет жеңілді, оның сегіз жеңісі (төртеуі нокаутпен) және бір рет тең түскен кездесуі бар.
Елеусінов келесі жекпе-жегін 30 қараша Монте-Карлода өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.