АҚШ-тың КС-130 май құюшы ұшағы мен F/A-18 жойғыш бомбалаушы ұшағы әуеде соқтығысып, Тынық мұхитына құлады. Ұшақтардың бортында жеті адам болған, қазіргі кезде олардың біреуі тірі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Би-би-си-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарылған әскери қызметкер Жапония астанасындағы теңіз жаяу әскерінің Ивакуни базасында тексеруден өтіп жатыр. Жапония Теңіз күштерінің іздеу-құтқару қызметі мен Америка авиациясы ұшақтарда болған тағы алты адамды іздеу шараларын жалғастыруда.
Оқиға Жапония жағалауынан 200 миль (322 шақырым) жерде орын алған. Би-би-си-дің Токиодағы қызметі түнде Жапония аралдарында күн бұлттанып, жаңбыр жауғанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу