Түркиядағы апат аймағының тұрғындары үшін Әскери-теңіз күштерінің гуманитарлық көмек тиеген АҚШ кемесі 28 Ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Мерсин портына келеді, деп жазады inbusiness.kz.
Анкарадағы дипломатиялық дереккөздердің хабарлауынша, USS Herschel Williams кемесі АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегімен жүкті Түркияның тиісті құрылымдарының өкілдеріне береді.
Дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болғанын еске салады.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 44,3 мыңнан асты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу