Бір апта бұрын АҚШ Қаржы министрлігі қаржы жылының 11 айындағы бюджет тапшылығы 1,5 трлн долларды құрағанын хабарлады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61%-ға жоғары.
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы – бұл федералды Үкіметтің кредиторларға: жеке тұлғаларға, штаттарға және ірі қорларға жалпы қарызы.
Көктемде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы белгіленген шекті 31,4 трлн доллардан асып түсті. АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен егер билік маусым айының басына дейін шара қолданбаса, ел экономикасы дефолтқа ұшырайтынын ескертті.
16 маусымда мемлекеттік қарыз 32 трлн доллардан асты.
The New York Times (NYT) хабарлауынша, бюджет шығыстарын қысқарту шараларына қарамастан АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2030 жылға қарай 50 трлн долларға жетуі мүмкін. Конгресс қазір федералды үкімет шығындарын қаржыландыруды талқылап жатыр.