Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады

246

Қазақстандық теннисші қарсыласына есе жіберді.

Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 27-ракеткасы, 16 жасар Әмір Омарханов ширек финалда рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған құрдасы, нидерландық Мес Роттгерингпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда екі брейк жасаған нидерландық алдан көрінді — 6:2. Оның қарқынына төтеп беру екінші сетте де мүмкін болмады — 6:0.

Әмір Омархановтың "Үлкен дулыға" турнирінде ширек финалға дейін жетуінің өзін зор табыс деп бағалауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу