Әмір Омарханов Мадрид мастерс турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды

220

Омарханов азулы қарсыласына есе жібергенімен, мастерс жарысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Әмір Омарханов Мадрид мастерс турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды Фото: ҚТФ

Қазақстандық, 16 жастағы Амир Омарханов Мадрид мастерс турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық теннисші атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Амир Омарханов іріктеу сайысында өзінен 20 жас үлкен, әлемнің 86-ракеткасы, Испания өкілі Роберто Баутиста-Агутпен шеберлік байқасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 13-орында тұрған қазақстандық жас теннисші бірінші партияда 2:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы тәжірибесі мен шеберлігінің басым екенін көрсетті - 6:2. Ол екінші сетті де 6:1 есебімен ұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу