Қарағанды теннис мектебінің түлегі финалда түркиялық, осы доданың 2-ракеткасы Хейдар Гокпинармен күш сынасты.
Матч басында брейк жасаған қазақстандық жас теннисші алға кетті. Ол бірінші және екінші сетте де қарсыласынан оқ бойы озық тұрды.
Осылайша Ә.Омарханов 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ә.Омархановтың жарыстың абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол бүгін тағы бір қазақстандық Владимир Киммен бірге жұптық сында турнирдің 1-ракеткалары, ресейлік Максим Власов – түркиялық Керим Йелмазбен финалда бас жүлдені сарапқа салады.