Әмірліктің бірқатар әуе компаниясы Дубай-Ақтау бағытында тұрақты рейстерді бастамақ

602

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді. 

Әмірліктің бірқатар әуе компаниясы Дубай-Ақтау бағытында тұрақты рейстерді бастамақ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  "ашық аспан" режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз-қызметі.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді. Келіссөздерге "Fly Dubai", "Emirates Airlines", "Etihad Airways", "Air Astana", "SCAT" әуе компанияларының, сондай-ақ Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларының өкілдері қатысты.

Нәтижесінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына Қазақстанда енгізілген 5-ші "әуе еркіндігін" ұсынатын "ашық аспан" тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, БАӘ-нің тағайындалған тасымалдаушылары Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларынан 5-ші "әуе еркіндігін" ұсынатын "ашық аспа" тәртібі аясында тұрақты әуе тасымалдарын орындауға құқылы.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, әмірлік әуе компаниялары Дубай-Ақтау бағыты бойынша тұрақты ұшуларды орындауды жоспарлап отыр.  Сондай-ақ, "Emirates Airlines" әуе компаниясында 2021 жылды жаңа А330 және А350 әуе кемелерін алғаннан кейін, екі ел арасында тікелей тұрақты рейстерді ашу  жоспары бар.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында рейстер санына шектеулерді алып тастауды және  шетелдік әуе компанияларына 5-ші әуе еркіндігін ұсынуды көздейтін "ашық аспан"  режимі енгізіледі. "Ашық аспан"  режимі одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 3 жыл мерзімге жарамды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу