Ақмола облысында балабақша қызметкері жұмысқа мас күйінде келген

282

Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында балабақша қызметкері жұмысқа мас күйінде келген Фото: abai.kz

Ақмола облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.

Басқа жағдайда, балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинағаны анықталды (директор жұмыстан шығарылды).

3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды.

Мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары анықталды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша әртүрлі 300-ден астам заң және ереже бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім берудің 19 мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу