АМӨЗ бұрынғы директорын ақтау үкімі күшінде қалды

358

 Оның әрекетінен қылмыс құрамы табылмады

АМӨЗ бұрынғы директорын ақтау үкімі күшінде қалды Фото: ашық дереккөз

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Шухрат Данбайға ақауы бар жабдықты іске қосу туралы бұйрыққа қол қойып, салдарынан компания 728,6 миллион теңге шығынға ұшырады деген айып тағылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Атырау облыстық сотының мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қаласының №2 сотының Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай мен сатып алу департаментінің директоры қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

Шухрат Данбайға ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) айып тағылды. Айыптаушы тарап кәсіпорын басшысы жеке бас пайдасы үшін зауытқа зиян келтірді деп есептеді. Прокурор айыпталушыны 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокуратураның мәліметінше, экс-директор мұнайды терең өңдеу кешенінің ақауы бар объектісін іске қосу туралы бұйрыққа қол қою арқылы Атырау мұнай өңдеу зауытына 728 607 855 теңге шығын келтірген.

Еске сала кетсек, Шухрат Данбай Атырау мұнай өңдеу зауытын 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін басқарды. Ол 2022 жылдың ақпан айында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабыме ұсталған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу