Атырау мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың екі аптасында мұнай өңдеу жоспарын 7,8 мың тоннаға артығымен орындады деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
Алғашқы екі аптада 218,8 мың тонна мұнай өңделген. Нәтижесінде 45 мың тонна К-4 және К5 класты дизельді отыны мен 1,1 мың тонна ТС-1 реактивті отын тиелген. Реактивті отынның бұл түрі жоспарланғаннан 112 тонна артық орындалған.
2018 жылдың қорытындысы бойынша АМӨЗ жоспарды 1,6%-ға артығымен орындаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу