АМӨЗ санитарлық аймағынан тағы сынама алынды

1070

Экологтар ауадағы көмірсутегі мөлшері артық екенін айтуда.

АМӨЗ санитарлық аймағынан тағы сынама алынды

Атырау облысы бойынша экология департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында "АМӨЗ" ЖШС-не тиесілі алаудың жанғанын анықтады. Соған байланысты департаменттің жылжымалы-зертханалық лабараториясы зауыттың санитарлық қорғау аймағынан атмосфералық ауа сапасын тексеру үшін сынама алды. Қазіргі күні экологтар сынама қорытындысын заң аясында шара қолдану үшін облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолдаған. 

"Санитарлық қорғау аймағындағы атмосфералық ауадан алынған сынама көмірсутегі мөлшері текше метріне 0,054 мм-ден асқанын көрсетті. Бұл - белгіленген нормадан алты есеге артық", - дейді департаменттің бөлім басшысы Сапар Тұрсынбеков. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша зертхана қорытындысы алдағы уақытша қосымша хабарланбақ. Әзірге АМӨЗ тарапынан қандай да бір мәлімдеме жасалған жоқ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу