ӘМСҚ: 2022 жылы мектеп медицинасына шамамен 26,1 млрд теңге қарастырылған

801

2020 жылы мектеп медицинасы қаржыландырудың жеке бағытына шығарылды. Сол кезде оған 18,5 млрд теңге, ал 2021 жылы – 22,2 млрд теңге бөлінді. Ал биылғы жылы мектеп оқушылары үшін алдын ала тексеру мен сауықтыру іс-шараларына 26,1 млрд теңгеге шарт жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ӘМСҚ" КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ӘМСҚ: 2022 жылы мектеп медицинасына шамамен 26,1 млрд теңге қарастырылған

Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру туралы ойлайтындар аз. Мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, яғни тікелей мектептерде, балабақшаларда, шағын орталықтарда немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы балаларға медициналық қызмет көрсетуді көздейді.

Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесін енгізу арқылы ол жеке позицияға шығарылды. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яни, бұл медицинаның осы бөлігіне – сырқаттың алдын алу үшін толықтай тексеруге, қандай да бір сырқат анықталған балаларды дер кезінде "Д" есепке алуға, барлық стандарттардың сақталуын бақылауға, т.б. ерекше назар аударылады.

Осы жылы қор білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуге 436 емханамен 26,1 млрд теңгеге жуық сомаға шарт жасады. Салыстыра қарасақ:

2020 жылы мектеп медицинасының қызметін 417 медициналық ұйым, 2021 жылы – 430 медициналық ұйым көрсетті, шарттардың құны 22,2 млрд теңгені құрады. Алдын ала қорытынды бойынша, 2022 жылдың 1 тоқсанында шамамен 6,4 млрд теңгеге мектеп медицинасы қызметі көрсетілді.

Мектеп медицинасының мәні – білім беру ұйымдарындағы балаларды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс мектеп немесе балабақша орналасқан аумаққа қарасты емхана жауапкершілігінде болады. Ол үшін мектепте медицина қызметкерінің жабдықталған кабинеттері бар арнайы қызмет құрылады. Профилактикалық тексеру немесе вакцинация жүргізу үшін мектепке (немесе балабақшаға) тиісті профильдегі дәрігерлер келеді. Мұндай іс-шаралар алдын-ала жоспарланады, және ата-аналарға алдын ала хабарланады.

Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында жүргізетін тексеруі кіреді. Сондай-ақ, оқу орнындағы дәрігерлер балаларға салауатты өмір салтын ұстану жөнінде іс-шаралар өткізеді. Егер профилактикалық тексеруде патология анықталған болса, онда бала тіркелген жері бойынша емханаға тереңдетілген медициналық тексеруге жіберіледі. Балалардың вакцинациялауы ата-аналарының келісімімен Ұлттық егу күнтізбесі бойынша жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда медициналық пунктте жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін балаларға алғашқы көмек көрсетіледі. Осылайша, мектеп медицинасы мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда уақытылы алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу