АМТ шахтасындағы өрт: екі адамның денесі табылды

993

Бұл ақпаратты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі растады.  

АМТ шахтасындағы өрт: екі адамның денесі табылды Фото: gov.kz

Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында өрт болған жерден қаза тапқан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Бұл ақпаратты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі растады.

Компанияның мәліметінше, қазір сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растады.

"Екі жұмысшы қайтыс болды. Қалғандары іздестіріліп жатыр", - деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

17 тамыз күні таңертең "Қазақстан" кенішінде өрт шықты. Шахтада 227 кенші болған. Оларды құтқаруға өңірлік ТЖД мен құтқару қызметінің күштері қосылды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу