Алматыда Ан-26 әскери ұшағының апатынан жарақат алған екі экипаж мүшесіне операция жасалды, дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды, деп жексенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады inbusiness.kz .
"Зардап шеккендерге операция жасалды, оларды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Олар жан сақтау бөлімінде. Қазіргі жағдай тұрақты қиын деп бағаланады ", - деді дереккөз.
"Науқастардың бірі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Қандай да бір болжам айтуға әлі ерте", - деді ақпарат көзі.
Ауруханада дәрі-дәрмектер жеткілікті деп сендірді, түнде жетекші мамандар шақырылды, олар әуе апатынан зардап шеккендерді емдеу жөнінде кеңес берді.
Өткен сенбіде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті авиация қызметінің Ан-26 ұшағы Алматы әуежайына қонарда апатқа ұшырады. Бортта экипаждың алты мүшесі болған, олардың төртеуі қайтыс болды, екеуі ауыр жарақаттармен, сынықтармен және күйіктермен ауруханаға жеткізілді.