Облыстың полицейлері аң мен балық аулау ережелерін бұзған 700 адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды altaynews.kz.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жасыл желектерін ұстау ережелерін бұзған 14 тұрғынды жауапқа шақырды.
Облыстың полицейлері аң мен балық аулау ережесін бұзған 700 адамды жауапқа тартты.
Жыл басынан бері табиғат қорғау полицейлері заңсыз аң мен балық аулаудың жолын кесу мақсатында 289 рейд өткізген.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері аңды заңсыз аулаған 227 заңбұзушы мен балық аулау ережесін сақтамаған 520 балықшыны анықтады. Ережені бұзғандар әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 382 және 383 баптарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жасыл желектерін ұстау ережелерін бұзған 14 тұрғынды жауапқа шақырды.