Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр

1155

Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы туралы айтылып, статусы ашылған. Бұл жайында облыстық СПИД орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері Бақытжан Шәкенов айтты, деп хабарлайды Abai.kz.
Бақытжан Шакеновтің сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың ахуалы үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен ашады.
"Баланың мәртебесін 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз", - дейді Бақытжан Шакенов.
Бас дәрігердің мәліметінше, бүгінде Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу