"Аналары емізіп отырып, ұйықтап қалған": Павлодар облысында екі сәби көз жұмды

3293

Нәрестелер кеудеде басылып қалған. 

"Аналары емізіп отырып, ұйықтап қалған": Павлодар облысында екі сәби көз жұмды Фото: talk4life

Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Оқыс оқиғалар туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.

"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.

“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда нәрестені өлі күйінде болған", – дейді дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу