"Анама айтылмаған көп нәрсе бар": Әнші Еркін Нұржанов марқұм анасын еске алды

3600

2012 жылы әншінің анасы өмірден өткен болатын. 

"Анама айтылмаған көп нәрсе бар": Әнші Еркін Нұржанов марқұм анасын еске алды Фото: google.com

Танымал әнші Еркін Нұржанов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында алғаш рет отбасы туралы сыр шертті. Әнші марқұм анасын да еске алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Ана дегенде кім болса да қатты толқиды. Анам екеуіміздің байланысымыз ерекше болды. Жалғыз ұл болған соң ба ерекше еркелетіп өсірді. Тіпті үйдің шаруасын жасаттырмайтын. Ауылда тойларда өнер көрсетіп жүргенде таңға жуық келетінбіз үйге. Сол кезде анам таңертен сабаққа бармай-ақ қойсын деп айтатын. Ата-анамыз еркелетті, одан кейін халық еркелетті. Әкем маған ел алдында жүріп, халықтың адамы болған соң "өзіңді салмақты ұста" деп көп айтатын. Содан кейін өзімді үлкен жігіт сезіне бастадым. Анам еркелеткенде "еркелетпеңіз, мен үлкен жігітпін" деп намыстанғанмын. Бір кезде ұйықтап жатсам анам аяғымды, қолымды сүйіп жатыр екен. "Не істеп жатырсыз?" дегенімде "сен ояу кезде еркелеттірмейсің" дейтін. Анама айтылмаған көп нәрсе бар. Құшақтап, сағынышымды басқым келеді. Жылы сөздерді айта алмай қалдым”, – деп өкінеді әнші.

Сондай-ақ, әнші екінші жары туралы да айтты. Әншінің жұбайы Динара есімді тараздық ару. Сонымен қатар ол тоқал алу мәселесін де қолдайтынын айтты.

“Жеңгеңді алғаш көрген кезде 5-сынып оқитын. Ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті", – деді әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу