"Анама ренішім бар": Қара бетперде киген жігіт сал ауруымен ауыратын қызға үй сыйлады

4865

Айнұрдың ең үлкен арманы денсаулығын дұрыстап, дизайнер болу.

"Анама ренішім бар": Қара бетперде киген жігіт сал ауруымен ауыратын қызға үй сыйлады Фото: inbusiness.kz

Қара бетперде киген белгісіз адам тағы бір мұқтаж адамның баспаналы болуына себепші болды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Айнұр есімді сал ауруымен ауыратын 16 жастағы қыздың арманы орындалып, үйлі болды.

Қыздың айтуынша, ол әжесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады.

"Бүгін менің туған күнім. III топтағы мүгедекпін. Мені анам 3 айлық кезімде тастап кеткен. Әкем болса басқа отбасымен бірге тұрады. Әжем екеуіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз", - дейді ол.

Айнұрдың ең үлкен арманы денсаулығын дұрыстап, дизайнер болу.

"Анама ренішім бар. Туған баласын тастап кетуі дұрыс емес деп ойлаймын", - дейді Айнұр.

Қара бетпердедегі жігіт ең алдымен қыздың еміне ақша ұсынып, оған қоса баспана сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу