"Анама жақсылық жасап үлгермегенмін": Журналист Елдос Сметовке қолдау білдіру барысында жылап жіберді

3072

Анасы қасынан қалмайды деп әлеуметтік желіде спортшыны және анасын көпшілік сынап еді.

"Анама жақсылық жасап үлгермегенмін": Журналист Елдос Сметовке қолдау білдіру барысында жылап жіберді Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде елдің сынына қалған Елдос Сметовке спорт журналисі Есей Жеңісұлы қолдау білдірді. Журналист анасын еске алып көз жасына ерік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ана - бақыт, ана - деген шырағың.

"Анама жақсылық жасап үлгермей қалған адаммын. Анам мені бәріне жеткізді. Елдостың анасын қасына ертіп жүргені ерлік", – дейді ол.

Еске сала кетейік, дзюдошы Елдос Сметов туған жері Таразға оралған сәтте үлкен жиын ұйымдастырылған. Сол қуаныштың барысында Елдос залға анасының қолын ұстап шығып келе жатқан видеосы тараған. Анасы қасынан қалмайды деп әлеуметтік желіде спортшыны және анасын көпшілік сынап еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу