Анамның бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған кезін көріп өстім – Елдос Сметов

3351

Бұл туралы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Анамның бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған кезін көріп өстім – Елдос Сметов Фото: Бейнежазбадан

"Мұны еш жерде айтпағанмын. Жұлдыз ауруымен ауырып қалмайсың ба?" деп жатқандар бар. Кейбіреулер көтере алмай қалады деген сияқты. 1998-1999 жылдары қиын кездер болды. Бала кезде темір өткізіп, нан алған кез болды. Ата-анамның біз үшін қалай еңбек етіп жатқанын көрдім. Есімде қалғаннан кейін қазір жұлдыз ауруына жол бере алмаймын. Ауылда тұрдық, әкем қалаға кетіп, құрылыста жұмыс істеді. Анам үйде отырды. Бір табақ ұн үшін біреудің үйін тазалаған сәттері болды. Біреудің үйін тазалап жатқанын көзіммен көріп өстім", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу