"Анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап қалды

3453

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова анасына жантебірентерлік ән арнады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап қалды Фото: Бейнежазбадан

"Анамның ғұмыры қысқа болғанымен, алты баласының жүрегіндегі өмірі ұзақ. Анамның күліп отырып жылап қоятын, жылап отырып күле салатыны есімде. Түсінбей қарап отыратын едім жүзіне. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетеді екенсің ғой! Анам да өз анасын сағынған-ау деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді. Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой. Біз де, бауырлар жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа да толатын кездер де көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз. Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас тығылып отыр. Мама, мен сені жақсы көремін деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағында отырып "МАМА, МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН" деп анамның өзіне айтқым келеді", – деп жазды ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу