"Анасы таксиде қалдырып кеткен": Алматыда 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр

9177

Еріктілер іздеу жұмыстарына кіріскен.

"Анасы таксиде қалдырып кеткен": Алматыда 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр Фото: instagram.com/konaevkz

Полиция Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салды. Бүлдіршіннің анасы қызды Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қалдырып кеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Іздеу жұмыстарына кіріскен еріктілердің мәліметінше, 2024 жылы 2 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді келіншек Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шығады. Ол жол жөнекей көлік тоқтатқан. Келіншек қалаға жете сала шамамен сағат 20:49-да көлікте ұйықтап жатқан баланы қалдырып, Б.Момышұлы көшесіне жетпей, Райымбек көшесінен түсіп қалған. 

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу