Анар Жайылғанова қысқарту әсер етпейтін мемлекеттік қызметшілер санатын атады

1641

Зейнетке шығуына екі жылдан аз уақыт қалғандарды қысқартуға болмайды.

Анар Жайылғанова қысқарту әсер етпейтін мемлекеттік қызметшілер санатын атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту  жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асатынын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова баяндады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ол бұл жолғы қсқарту кімдерді айналып өтетінін атады. 

"Еңбек кодексі бойынша жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналар, жалғызілікті аналар, анасы жоқ балалар тәрбиелеуші өзге тұлғалар, зейнетке екі жылдан аз мерзім қалған қызметкерлер қысқартуға жатпайды. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерлердің осы тұрғыдағы құқықтары сақталуы қадағаланады. Сондай-ақ, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда  қызмет өтілі 3 жылдан кем емес адамдарға  4 орташа еңбекақы мөлшерінде демалыс өтемақысын төлеу көзделген. Бұл норма неғұрлым тәжірибелі мамандардың жүйеде қалуын ынталандыру арқылы мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деген агенттік басшысы қысқарту көпалалы мемлекеттік қызметкерлердіқысқартпау туралы ұсыныс түскенін жеткізді.

"Қысқарту туралы шешім қабылдау кезінде жұмыста қалудың басым құқығын әлеуметтік аз қамтылған санаттағы мемлекеттік қызметшілерге беру ұсынылып отыр.  Олар: қамқорлығында екі немесе одан да көп асыралушы бар адамдар,  бір ғана табыс көзі бар көпбалалы аналар, жұмыс барысында кемтарлыққа тап болған адамдар және т.б", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу