Анас Баққожаев Forbes-тағы бизнесменнің компаниясын қорғаштады

155

Төменгі палата депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы қорытындысымен танысты.    

Анас Баққожаев Forbes-тағы бизнесменнің компаниясын қорғаштады Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Forbes тізіміне енген отандық кәсіпкердің компаниясы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіздер аудит есебінде құс шаруашылығында 15 млрд теңгені Aitas Group дейтін бір ғана мекеме алып отыр деп жазыпсыздар. Оның құрылтайшысы Forbes-тың тізіміне кіреді деп жазып қойыпсыздар. Басқа ақпарат жоқ. Енді ол есепті оқыған адамдар қандай ойда болады? Бұл тиімсіз субсидия екен дейді. Қаржы министрлігі келесі жылы ақша бермей қалуы да мүмкін. Бұл мекеме бүкіл Қазақстандағы әр үшінші құс етін шығарады", – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжілісмен аталмыш кәсіпорынның жетістіктеріне де тоқталды. Оның сөзінше, мекеме алған субсидиясын салығымен жауып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу