"Емдеткім келген еді": Қазақстандық жекпе-жек шебері кездесуіне үш сағат қалғанда анасынан айрылды

780

Жекпе-жек шебері Ернат Түгелбеков анасының ұзақ жылғы сырқаттан көз жұмғанын айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Емдеткім келген еді": Қазақстандық жекпе-жек шебері кездесуіне үш сағат қалғанда анасынан айрылды Фото: Бейнежазбадан

"Балқаш жолбарысы" деген лақап атпен жекпе-жекке шығып жүрген қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады. Алайда ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады.

"Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды", – дейді ол көз жасына ерік беріп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу