"Анашым, уайымдамаңыз": Ақтаудағы апаттан қаза тапқан ұшқыштың анасы ұлы туралы айтты

10205

"Әзербайжан әуе жолдары" компаниясының екінші ұшқышы Александр Кальянинов Ақтаудағы қайғылы жағдайға дейін бір апта бұрын ғана еңбек демалысынан оралған, деп жазады inbusiness.kz сайты AZƏRTAC телеарнасына сілтеме жасап.

"Анашым, уайымдамаңыз": Ақтаудағы апаттан қаза тапқан ұшқыштың анасы ұлы туралы айтты Фото: inbusiness.kz

Анасының сөзінше, Александр бала кезінен әкесі сияқты ұшқыш болуды армандаған. Әкесі 7 жыл бұрын өмірден озған екен.

Александр ұшқыш болу үшін Ұлттық авиация академиясында, содан соң Түркияның Измир қаласында оқыған. Ол жерді 2013 жылы тәмамдап, 1 жыл бұрын ғана Azerbaijan Airlines әуе компаниясына жұмысқа тұрған.

"Маған бір күн бұрын WhatsApp арқылы осы бағытқа тағайындалғанын айтты. Әдеттегідей, ұшу уақытын жазды. Себебі ол үнемі ұшатынын ескертіп отыратын. Ұшқанын, қонғанын және үйге жеткенін жазатын. "Анашым, уайымдамаңыз, бәрі жақсы" деп айтатын. Ол тек бір жыл ғана жұмыс істеп үлгерді. Бірінші еңбек демалысына шығып, Францияға барғысы келетінін жеткізді. Демалыстан оралып, небәрі бір апта ғана жұмыс істеді", – дейді анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу