Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші медалін еншіледі

677

Бұл жолы спортшы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. 

Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші медалін еншіледі

Швейцарияда өтіп жатқан фристайл-могулдан Еуропа кубогінде қазақстандық Анастасия Городко үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл жолы спортшы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал алтын жүлде германиялық Софи Вессенің еншісінде. Үшінші орында тағы бір германиялық спортшы Ханна Вессе. 

Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші жүлдесін иеленіп отыр. Бұған дейін ол екі рет алтын алған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу